Сұхбат... Аллаһу та’аланың ниғметтері
Барлық адамдарға әрбір ниғметті жіберетін жалғыз Аллаһу та’ала. Барлық нәрсені жаратқан тек қана Ол. Әр бір жаратылысты әр сәтте бар етіп ұстап тұрған да Ол. Құлдардағы үстемдіктер және жақсы қасиеттер Оның жақсылығы және ихсаны болып табылады. Біздің өміріміз, ақылымыз, іліміміз, қуатымыз, көруіміз, есітуіміз, сөйлей алуымыздың барлығы Оның құдіретімен болуда. Санап бітіре алмайтын әртүрлі ниғметтер мен жақсылықтарды жіберетін де Ол. Адамдарды азаптардан, қиыншылықтардан құтқаратын, дұғаларды қабыл ететін, қайғы-қасіреттерді кетіретін де Ол. Ризықтарды жарататын және беретеін жалғыз Ол.
Ихсаны соншалық көп, күнә істегендердің де ризықтарын тоқтатпайды. Күнәларды жасыруы соншалықты көп, әмірін тыңдамаған, тыйымдарынан тыйылмаған адамдарды әркімнің көз алдында масқара етпейді және намыс пердесін жыртпайды. Кешірімі және мейірімі соншалықты көп, жазалануға және азапталуға лайық болғандарды азаптауға асықпайды. Ниғметтерін, ихсандарын достарына және дұшпандарына шашуда. Ешкімнен ешнәрсені аямайды. Бүкіл ниғметтерінің ең үстемі, ең құндысы ретінде дұрыс жолды, бақыт және амандық жолын көрсетуде. Тура жолдан таймау және жәннатқа кіру үшін ынталандыруда. Жәннаттағы шексіз ниғметтерге, ешқашан бітпейтін ләззаттарға, өзінің разылығына және махаббатына қауыша алуымыз үшін сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұнуымызды әмір етуде.
Міне Аллаһу та’аланың ниғметтері күндей ап-анық. Басқалардан келген жақсылықтар да Аллаһу та’аладан келеді. Басқаларды себепші қылып, оларға жақсылық жасау қалауын беретін, оларға жақсылық жасай алу күш-қуатын беретін де Ол. Сондықтан әр жерден, әркімнен келетін ниғметтерді жіберетін де Ол. Одан басқасынан жақсылық, ихсан күту, аманатшыдан аманат ретінде бір нәрсе сұрауға және кедейден садақа сұрағанға ұқсайды. Бұл сөздеріміздің орынды және дұрыс екенін надандар да, ғалымдар да түсіне біледі. Адамның бұл ниғметтерді жіберетін Аллаһу та’алаға күші жеткенше шүкір етуі – адамдық борышы. Ақыл талап ететін міндет пен борыш.