Untitled Document

Әйелдердің хайз күндерінде

Сұрақ: Рамазанда әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә бола ма?

Жауап: Рамазанда әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. Имсак уақытынан кейін хайзы басталған әйел сол күні жасырын ішіп-жей алады. Екі жағдайда да сол күннің оразасын кейіннен қазасын өтейді. Бір намаз уақытының ішінде намаз оқудан бұрын хайз көрген әйел сол уақыттың намазын қаза етпейді.

 

Сұрақ: Әдет күні 13 және 15 болған Маликиді тақлид ететін әйел оныншы күннен кейін Рамазан оразасын ұстай ала ма?

Жауап: Иә, ораза ұстауы керек. Он күннен кейін емес, негізгі әдеті қанша болса сол күннен кейін ораза ұстауы керек. Ханафи бойынша әдет уақыты біткен болып саналады және ғұсыл алып оразасын ұстайды. Ғұсыл алмаса да оразасы сахих болады, бірақ әрине ғұсылмен ораза ұстау жақсырақ болады. Малики бойынша да қан тоқтағанда, яғни 15 өткеннен кейін ғұсыл алуы керек.

 

Сұрақ: Қаза оразасын ұстаған күнімде етеккірім басталды. Етеккірім біткеннен кейін жартылай болып қалған оразам үшін бөлек тағы бір күн ұстауым керек пе?

Жауап: Одан бөлек ораза ұстамайсыз. Қаза оразаңыз жартылай қалды. Соны жаңадан ұстайсыз.

 

Сұрақ: Өзі Ханафи болған, бірақ кейбір мәселелерде Маликиді тақлид ететін әйелдің қаншама айлардан бері хайз күндері әр уақытта 15 күнге жалғасады. 15 күн таза жүреді. Ханафиде хайздың ең ұзағы 10 күн деп қабылданған. Енді әлгі әйел хайзының 10 күнін өткізген соң әлі етеккірі жалғасып жатса да, ораза тұта ала ма?

Жауап: Оразада Малики тақлид етілмегені үшін 10 күннен кейін оразасын ұстайды.