Untitled Document

Сұхбат... Ислам діні – орта жол (1)

Әрбір істе орта жолды ұстанған абзал. Ал шектен шығу, асыра сілтеушілік (ифрат) және шектен тым азайтып жіберу (тәфрит) жақсы емес. Ифрат – шамадан көп, шектен асыру, тәфрит – шамадан аз, тым азайту, уасат – орта жол деген сөз. Хадис шәрифте: «Ифрат пен тәфриттен ұзақ жүр, уасатты таңда. Себебі істердің ең қайырлысы – орта болғаны»,- делінген. (Бәйһақи)

Дүние мен ахиретін бірге жүргізе алатын адам – орта жолда жүргендерден. Дүниелік істерде де орта жолда болу адамның абыройы мен қадірін арттырады. Бұған бірнеше мысалдар:

● Көп тамақ жеу – ифрат, қажетті мөлшерден аз жеу тәфрит. Қажетті мөлшерде жеу - уасат. Хадис шәрифте: «Көп ішіп-жеу аурулардың басы болып табылады» делінген. (Дара Құтни)

● Хауф – Аллаһтан қорқу, ал рәжа Аллаһтың мейірінен үміттену деген сөз. Аллаһу та’аланың мейірімінен үмітін үзу, яғни «күнәм көп, Аллаһ кешірмейді» деп ойлау, тозаққа түсетініне сенімді болу – ифрат, дұрыс емес. Аллаһтың мейірімінен тек кәпірлер ғана үмітін үзеді. (Хижр 56)

Аллаһтан қорықпай, (күнә істен тиылмай) мейірімділік ететініне, жәннатқа кіретініне сенімді болу – тәфрит. Хадис шәрифте: «Әр қалаған нәрсесін істеп, Аллаһтың мейірімділік ететініне үміттенген адам ақымақ адам»,- делінген. (Тирмизи)

Ал уасат (орта) жол, сол екеуінің арасында болу деген сөз! Хадис шәрифте былай делінеді: «Хауф және рәжа (қорқу мен үміт) арасында болған мүмин үміттенгеніне қауышады, қорыққан нәрселерінен амандықта болады». (Тирмизи)

● Көп ұйықтау – ифрат, қажетті мөлшерден аз ұйықтау – тәфрит. Қажетті мөлшерде ұйықтау, уасат болып табылады. (Жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031