Пайдалы мәлімет... Шет тілін қалай жылдам үйренуге болады?
1. Сөздік қорды дамыту. Әрбір тілді үйрену барысы көптеген жаңа сөзді жаттаудан басталады. Жылдам әрі сапалы жатқа алу үшін ең жиі қолданылатын сөздердің тізімін қағазға жазып, қабырғаға іліп қоюға немесе тақырыпқа байланысты сөздердің ретін бөліп қарап, жаттауға болады. Жаңа сөздерді жаттау барысында сөздің не екенін көзбен елестете білу керек.
2. Күнде сол тілде сөйлеуге тырысу. Ең болмағанда қызық болған фильмдерді аударма субтитрлардың көмегімен көру арқылы тыңдау қабілетті дамытуға болады. Ең бастысы сөйлеуден қорықпау керек.
3. Өзіңе сене біл. Диалог барысындағы қателіктерді ескеріп, дұрыстап отыруға тырысу керек. Себебі туған тілімізде сөйлеген кезде де қателіктердің болатыны рас. Сондықтан шет тілінде сөйлегенде қате болса да сөйлеуге талаптана беру керек.
4. Ойды жинақтау. Тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, оны қолдану барысында диалог құрушының бар айтқан сөзін ұға білу әрі пікіріңді жеткізе алу өте маңызды болып табылады. Сондықтан, ойыңды жинақтау керек.
5. Сөзді қайталау. Үйреніп жатқан тілді туған тілі деп білетін адамдардың сөйлеу мәнерін қайталауға тырысу керек. Сондықтан олардың диалогтарын көп тыңдап, тура сол кісілерге ұқсап дауыс тембрі мен интонацияны қайталауға барын салған жөн.
6. Шет тілдегі кітаптар. Шет тіліндегі балаларға арналған кітаптарды оқудың да әсері өте мол болып табылады. Бізге белгілі болғандай кішкентай балаларға арналған кітаптарда өте көп мөлшерде суреттер болады. Ол арқылы сол кітаптан алынған мәліметтер өте көп уақытқа дейін есте тұрады.