Қызықты мәлімет... Данышпан синдромы дегенді білесіз бе?
Минынан жарақат алып, қарапайым адам бір күнде данышпанға айналарына сенесіз бе? Иә, ондай ғажайып болады екен. Біз әңгімелегелі отырған кейіпкерлерге сирек кездесетін савантизм (гений) синдромы диагнозы қойылған.
Фракталдар және математика
Бір күні Джейсон Пэтджетт досымен бірге бардан шығып, үйіне кетіп бара жатқанда бұзақылар оны тонап, ұрып кетеді. Таяқ жеген Пэджеттің миы шайқалып, ұзақ уақыт ауруханада жатады. Ауруханадан шыққан кезде жас жігіт өзінде жаңа қабілет пайда болғанын сезеді. Оның айналасындағы заттардың бәрі бөліктерге бөлініп, козғала бастайды. Краннан ағып жатқан су, бұлттар, шалшық, кемпірқосақ – бәрі Джейсонға пиксель түрінде көрінеді. Ол не көріп тұрғанын түсіну үшін сурет сала бастайды. Осылайша қағазда шеңберлер мен көпбұрышты күрделі пішіндер пайда болады.
Күнтізбе данышпаны
Орландо Серелл оқиғасы дүниежүзілік БАҚ-та жарияланды. Бейсбол ойыны кезінде алған жарақат салдарынан 10 жасар бала күнтізбеге байланысты кез келген санды лезде есептейді. Мысалы мың жылдан кейін ол аптаның қай күні 12 наурыз болатынын ойланбай айтып бере алады.
Найзағайлы музыкант
Тони Цикорияның өмірінде де адам таңқаларлық кездейсоқ жағдай болған. 1994 жылы оны телефон кабинасынан шыға бергенде найзағай соғады. Әлемге әйгілі музыкант болғанға дейін ол ортопедия дәрігері мамандығында жұмыс істеген. Ешқашан музыкаға қызықпаған. МРТ оның миында ешқандай жарақат жоқ екенін көрсеткен. Бірақ оқиғадан бірнеше күн өткен соң Цикори фортепиано сатып алып, музыка ойнай бастаған. Қазір ол Шопеннің және басқа классикалық сазгерлердің танымал шығармаларын орындай отырып, оркестрмен бірге концерттерге қатысады.