Дерек... Қызық мәліметтер
- Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.
- Бірде-бір елде әскери сәлем сол қолмен берілмейді.
- Монаконың ұлттық оркестрі мемлекеттің әскерінен көп.
- Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.
- 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел – Ватикан.
- Ніл екі рет мұз құрсанған - IX бен XI ғасырда.
- Канада БҰҰ шешімімен соңғы 5 жылда 4 рет өмір сүруге ең қолайлы аумақ атанып отыр.
- Адам басының орташа салмағы 3,6 келіні құрайды.
- Әлемде ең көп орындалатын ән – «Haррy birthday to you», авторлық құқығы сақталған.
- Үрейлі фильмдердегі қорқыныш тудыратын музыкалар «вотерфон» деп аталатын аспаптың көмегімен шығарылады.
- Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады.
- Еуропалықтар керікті алғаш көргенде «түйелеопард» деп атапты. Түйе мен леопардтың будандасуы деп ойлап қалса керек.
- Піл – 4 тізесі бар жалғыз жануар.
- Ұлуларда шамамен 25 000 тіс бар.
- Жарқанат – ұша алатын жалғыз сүтқоректі.
- Қолтырауын тереңге сүңгу үшін ішіне тас жұтып алады.
- Ми 80 пайыз судан тұрады.
- Бір адамның денесінде өмір сүріп жатқан ағзалар Жер бетіндегі адамдардың санынан көп.