Сұхбат... Бисмилләһтың қасиеті
Бисмилләһтың толығы «Бисмилләһир-рахманир-рахим». Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ұстазы балаға бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу та'ала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының тозаққа кірмеуі үшін құжат жаздырады» (С. Әбәдия).
«Құран кәрімнің кілті – бисмилләһ» (С. Әбәдия).
«Бисмилләһпен желінген тамақ берекелі болады» (Ибн Мажә).
«Бисмилләһпен басталмаған әр маңызды іс кеміс қалады» (Бәйһақи).
«Үйге кірерде бисмилләһ айтылса, шайтан «Бұл үйге кіруіме мүмкіндік жоқ» деп, қайтып кетеді» (Тибйан).
«Амал дәптерінде 700 бисмилләһ болған адамды Аллаһу та'ала тозақтан шығарады» (Тағрибус-салат).
«Істі бисмилләһпен бастаған адамның күнәлары кешіріледі» (И. Рафии).
«Тамақты бисмилләһпен жеп, соңында Әлхамдулиллаһ деген адамның, дастархан жиналмай тұрып, күнәлары кешіріледі» (Табарани).
«Қиыншылыққа душар болған адам «Бисмилләһир-рахманир-рахим уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алиил азыйм» десе, әртүрлі қиыншылықтан құтылады» (Дәйләми).
«Бисмилләһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтар қатарына жазылады» (Тәғрибус-салат).
«Су ішерде бисмилләһ айт, біткенде Әлхамдулиллаһ де және суды үш жұтыммен іш!» (Ибни Сүнни).
«Тамақ жеуді бастағанда Аллаһу та'аланың есімін еске алыңдар, яғни бисмилләһ айтыңдар! Басында бисмилләһ айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде «Бисмилләһи ала әууалиһи уә ахириһи» десін!» (Әбу Дауд, Тирмизи, Хаким).
«Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін бисмилләһ айтыңдар!» (Табарани).
«Үйден шығарда «Бисмилләһи, тәуәккәлту алаллаһ, лә хаулә уә ла қууата илла биллаһ» деп айтқан адам қауіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды» (Тирмизи).
«Йа, Расулаллаһ, көп жесек те тоймай жатырмыз, тамақтың берекесі болмай жатыр» деген адамға пайғамбарымыз «Тамақты бөлек емес, бірге жеп, бисмилләһ айтылса, берекелі болады» деп жауап берді (Ибн Мажә).