Untitled Document

Сұхбат... Қасиетті үш ай (1)

Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап:  Ражаб айы: Қасиетті төрт айдың бірі. Аят кәримада: «Аллаһтың көк пен жерді жаратқан күннен бері айлардың саны он екі. Олардың төртеуі харам (құрметті) болған айлар» делінген (Тәубә 36).

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам» (Ибн Жәрир).

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар ғана кіреді» (Дәйләми).

«Аллаһу та'ала Ражаб айында ораза тұтқандарды кешіреді» (Ғунйа).

«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ораза ұстағандай сауап беріледі» (Мифтахул-жәннә).

«Аллаһу та'ала Ражаб айында жақсылығын арттырады. Бұл айда бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ұстағандай сауапқа кенеледі. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозақ есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқан адамға жәннаттың сегіз есігі ашылады. Он күн тұтқанға Аллаһу та'ала қалағанын береді. Он бес күн ораза ұстағанға бір хабаршы: «Өткен күнәларың кешірілді» дейді. Аллаһу та'ала Нұх алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол да Ражаб айын оразамен өткізіп, қасындағылардың да ораза тұтуларына бұйрық берді» (Табарани).

«Ражаб айында тақуалықпен бір күн ораза ұстаған адам үшін ораза ұсталған күндерге тіл бітіп: «Йа Раббым, оны кешір» деп тілейді» (Әбу Мұхаммед).

(Жалғасы ертең)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031