Мәлімет... Асқабақ дәні мына 10 ауруға ем (1)
Асқабақтың адам азғасына пайдасы ежелден белгілі. Бұл көкөністі тамақ ретінде жеу арқылы ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды заттарға толықтырасыз әрі көптеген дертке дауа болатын қасиеті бар. Әсіресе, асқабақтың дәні өте пайдалы заттардың қайнар көзі. Айталық, асқабақ дәнімен халық емінде жүрек қан тамыр ауруларын емдейтінін білесіз бе? Одан да басқа мың түрлі дертке шипа болады. Нақтырақ айтқанда:
Қандағы холестерин деңгейін түсіреді. Жүрегі ауыратын науқастарға асқабақ дәнін үзбей жеуге кеңес береміз. Өйткені бұл дән қандағы холестеринді төмендетіп, тромбтың түзілуін реттейді. Құрамындағы фосфор, мыс, темір элементтерінің арқасында қан аздық пен атеросклероз ауруынан айықтырады.
Климакс кезіндегі ауырлықты болдырмайды. Етеккір үзілісі – кез келген әйелде ауыр өтетін жағдай. Бұл уақытта қырық түрлі дерт қозып, жалпы жағдай нашарлайды. Гормоналдық өзгерістер орын алады. Ал осындай ауырлықты жеңіл өткергіңіз келсе, онда құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай асқабақ дәнін жеуді әдетке айналдырыңыз. Климакс кезінде әйелдің қызуы көтеріледі, тоқтаусыз терлейді, көңіл-күйі нашарлайды, жүрек соғысы өзгеріп, қан қысымы ойнайды. Бұл жайсыздықтың бірден бір емі – асқабақ дәні екенін ескеріңіз.
Қатерлі ісіктің алдын алады. Асқабақ дәні – кукурбитин деп аталатын теңдессіз байлықтың қайнар көзі. Ал бұл зат өз кезегінде қатерлі ісік ауруының алдын алып, ағзаны сақтайды әрі қорғайды. Мамандар асқабақ дәнін үзбей жейтіндердің бауыр, сүт безі, тік ішек, ұйқы безі, өкпе, асқазан қатерлі ісік ауруына ешқашан шалдықпайтынын растайды.
Қандағы қанттың мөлшерін реттейді. Өздеріңіз білетіндей, қант диабетіне шалдыққан науқастар белгілі бір мәзірде тамақтануы тиіс. Қантты, тәттіні, ащыны, майлыны шектесе, ал көкөніс, жеміс, буға піскен және қайнатылған тағамдарға рұқсат етіледі. Оған қоса, асқабақ дәнінің де кереметтей пайдасы бар екені айтылады. Бұл бағалы дән ағзадағы улы затты шығарады, жасушаларды жаңартады, ұйқы безінің жұмысын жақсартады, инсулиннің дұрыс бөлінуін қадағалайды. Нәтижесінде қандағы қант мөлшері өз қалпына келеді.
(жалғасы ертең)