Untitled Document

Әңгіме... Журналист

...Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп айтатын екі оқиға ойыма сап ете қалды. Бірде Момышұлына радиодан магнитафонын арқалап тілші келеді. Тілші шашын әйелше қоя берген жас жігіт екен.

- Әй, сен кімсің? – дейді Бауыржан оны көрген бойда.
- Радиожурналистпін, ағай. Сізбен сөйлесейін деп келіп едім.
- Өзің әйелмісің, еркекпісің, мен соныңды айт деп тұрмын саған.
- Еркекпін, ағай.
- Кругом! – дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықша айналып кейін бұрылып, есікке қарап тұрады. – Сен еркек болсаң, онда шашыңды еркекше алдырып кел. Марш!

Жігіт салы суға кетіп кеңсесіне қайтады. Қысқартайын десе шашын қимайды, қысқартпайын десе – тапсырма қинайды. Сөйтіп жүргенде бір күн өте шығады. Ертеңіне оны бастығы шақыртады.

- Момышұлымен әңгімең дайын ба? – деп сұрайды бастық.
- Жоқ.
- Неге?
- Шашыңды еркекше алдырып келмесең, сенімен сөйлеспеймін деп қуып шықты.
- Шашыңды неге алдырмайсың?
- Қимаймын.
Бастық ашуланады.
- Ол материал программада тұр. Шашың тұрғай басыңды алдырсаң да бүгін материал осында болсын! – деп бұйырады ол жігітке.
            Жігіт амалсыздан шаштаразға барып шашын жұқарттырады. Содан соң ғана Бауыржанға қайта барған екен.

Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” кітабынан үзінді.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031