Untitled Document

Сұхбат... Рамазан айы

Құрметті «Түркістан күнтізбесі» оқырмандары! Бүгін Рамазан айының басталуымен барша мұсылмандарды құттықтаймыз! Бұл айда барлық мұсылман қауым бір Хақ та’аланың разылығын іздеп, түн ортасы ауыз бекітіп, күні бойы өзіне халал болғандардан тиылып, кеш бата «бисмилләһ» деп құрмамен немесе сумен ауыз ашып шүкір етеді. Жылына бір рет келетін бұл айдың ерекшелігі мен құндылығын айтудың өзі артық. Бұл айда ғибадаттарымызды арттырып, Құран оқып, садақа беріп, жақсы мінезде болғанымыз абзал.

Оразаның парыздары

Оразаның үш парызы бар:

1- Ниет ету.

2- Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.

3- Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Ауызашарда

Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей, кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді. Артынан «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр» деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт яки сумен ауыз ашылады.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу таала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:

«Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031