Untitled Document

Ғибрат... Бір кесек нан

Баяғы да бір кемпір мен оның жалғыз баласы болыпты. Бір күні баласы алыс сапарға аттаныпты. Кемпір күн сайын есіктің алдына шығып баласын күтіп жүреді екен. Бір күні бір кесек нан пісіріп, енді жейін деп жатқанда, есігін біреу қағыпты. Ашып қараса, бір пақыр екен. «Ұзақтан келдім, мендей пақырға жейтін ас бере көр!» депті. Кемпір ұзақта жүрген баласын еске алып, дереу піскен нанын пақырға әкеп беріпті. Көп ұзамай баласы да сапардан оралыпты. Анасына басынан өткен жағдайды былай деп баяндапты:

- Мен осында келе жатқанда, бір орманның ішінен өттім. Кенеттен алдымнан бір арыстан шыға келді. Не істерімді білмей қалдым. Арыстан тарпа бас салып маған қарай жүгіріп келе жатқанда алдымнан бір үлкен кісі шықты. Арыстанды бір соқты да:  

- Әй, ит! Бұл жерден кет! Асқа - ас! - деп жауап берді.

Сонда арыстан жалма-жан қаша жөнелді. Үлкен кісі де көзден ғайып болып кетті. Дереу есімді жиып, қасымдағы адамдарды іздедім. Тапқан соң оларға болған жағдайды айттым. Олар таң қалды. «Асқа - ас!» дегеннің сырын түсінбеген соң қасымдағы бір үлкен кісі: «Мүмкін, сенің жақын туысқаның Аллаһ разылығы үшін бір пақырға ас берген шығар. Сол ас сені арыстанға жем болудан сақтаған шығар. Сол үшін «Асқа - ас» деп жауап берген болар»,- деді.  

Баласының үйіне оралғанына анасы қатты қуанды. Басынан өткен жағдайды естігенде анасы ойланып қалып, сол оқиғаның қай уақытта, сағат нешеде болғанын сұрапты. Сонда ғана барлық жағдай белгілі болыпты. Өйткені, сол уақытта анасы бір пақырға ас берген еді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031