Бүгін... Тұңғыш президент күні
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.
Күннің тарихы... Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
СПИД бастапқыда гомосексуалды еркектерде, жезөкшелерде, есірткі қолданғандарда кездескен. Кейіннен жыныстық қатынас, қан ауыстыру және тұқым қуалау жолдарымен басқа адамдарға да тарай бастады. СПИД ауруын батыстың шектен асқан еркіндігінде өмір сүретін, неке, намыс, руханият, кие дегеннің не екенін білмейтін жағдайға жеткен және ақша, комфорт, ішімдік, есірткіге салынған адамдар таратып отыр.
СПИД ауруына қарсы дәрі және вакцина ойлап табу үшін дүние жүзіндегі бүкіл лабораторияларда жанталасып еңбек етілуде. Бұл аурудың мамандары СПИД ауруына шалдықпау үшін ислам дініндегідей әмірлерді қайта-қайта айтып ескертуде:
♦ Зинаға және жөзекшелікке жақындамаңдар!
♦ Жыныстық азғындықтардан (жаман қатынастардан) ұзақ болыңдар!
♦ Есірткі заттарға және спиртті ішімдіктерге жақындамаңдар!
♦ Жүйелі отбасылық өмір түрін ұстаныңдар!
♦ Тазалыққа, гигиенаға көп мән беріңдер!