Untitled Document

Сұхбат... Қияметтің кіші белгілері (2)

Хадис шәрифтерде көрсетілген қияметтің басқа белгілері мыналар:

- Ішімдік көп ішіледі.

- Зекет берілмейді.

- Жастар пасық (жұрттың көзінше күнә істейтін) болады.

- Жақсылыққа кедергі жасалады.

- Еркектер жібек киеді.

- Көршілік қарым-қатынас нашарлайды.

- Күнәға тарту артады.

- Музыкалық аспаптар көбейеді.

- Жансыздар да сөйлейді.

- Аманатқа қиянат жасалады.

- Барлық жерде музыкалық аспап тартылады.

- Адам өлтіру көбейеді.

- Өсімқорлық, пайыз көбейеді.

- Некесіз балалар көбейеді.

- Төмен адамдар үстем болады.

- Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз, надан деп айыптайды.

- Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды.

- Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.

- Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады.

- Мешіттерде, жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады.

- Әмри маруф пен нахий анил мүнкар (дінді уағыздау, насихаттау) жойылады.

- Мешіттерде Құран әуенмен оқылады.

- Кесірінен сақтану үшін адамдарға сый көрсетіледі.

- Ер адамдар әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады.

- Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031