Сұхбат... Бұл дүниеде бәрі жағдайына шағымдануда
Бұл дүние рахаттық пен бақыт орны емес. Бір күн бақыт тапсақ, бірнеше күн бақытсыз боламыз. Өзіміздің ешқандай қиыншылығымыз болмаса да, жақындарымыздың бірінің қиыншылығы қынжылтады.
Хасан Басри хазрет айтқан: «Дүниеде рахаттық күтпе, көретін болсаң жолдан ақша тауып алғандай, оны олжа деп біл».
Егер дүние рахаттық мекені болса, бәрінен көп пайғамбарлар бұған бөленетін еді. Алайда бәрінен көп қиыншылықты, қайғы-қасіретті олар көрген.
Адам алейһиссалам ғасырлар бойы көз жасын төкті. Нұх алейһиссаламды бәрі мазақтап, келеке қылды. Кемені соққан кезде қандай қиыншылықтар көрді.
Ибраһим алейһиссалам отқа тасталды, оны өртемекші болды. Өзінің жалғыз ұлын құрбандыққа шалу әмір етілді. Бұл ең ауыр емтихан. Балаңды біреуге бауыздат немесе таудан таста десе, оңайрақ болар еді. Бірақ бұйрық – өз қолыңмен құрбандыққа шал.
Иса алейһиссаламның паналайтын үйінің болмауы және кедейлікте өмір сүруі. Яһудилерден, пұтқа табынушылардан көрген қорлығы мен азаптары.
Біздің пайғамбарымыздың (алейһиссалам) көрген қиыншылықтары бәрінен көп еді. Таиф жорығында көрген қорлығы, балалардың тас жаудыруы, мүбәрәк аяқ киімінің қанға толуы және оларды қарғамауы.
Ухуд соғысында ең сүйікті көкесі хазреті Хамза және басқа да сахабалар шәһид болуы секілді өте ауыр қиыншылықтарды бастан кешті.
Демек, сүріп жатқан өміріміз зауықтанатын, рахаттанатын жер емес. Бір хадис шәрифте айтылады: «Мұсылман – неткен нәсіпті адам: ниғметке бөленгенде шүкір етеді, сауап алады. Ауруға, қиыншылықтарға душар болғанда сабыр етеді, тағы сауап алады».
Сабыр ететін болсақ, қиыншылықтарымыз азаяды, жеңілдейміз, оның үстіне үлкен сауап аламыз. Сабыр етпесек, ауруымыз, қиыншылықтарымыз артады, күнәһар боламыз.