Сұхбат... Мейірімділік (2)
Мейірімділікпен байланысты пайғамбарымыз сахабаларына мынадай оқиға айтып береді: «Ескі замандарда бір кісі жолда кетіп бара жатып қатты шөлдейді. Шөл қысып келе жатып бір құдыққа кезігеді. Құдықтан су тартатын еш нәрсе таба алмағандықтан ішіне түседі. Су ішіп шөлін қандырады. Құдыққа түсерде де, шығарда да қатты қиналады. Су ішіп құдықтан шыққан кезінде құдық басынан бір итті көреді. Иттің тілі салақтап дем алысы жиілеп, шөлдегендіктен жерді қазбалап жалап тұрады. Әлгі адам иттің бұл халін көргенде, өз-өзіне бұл ит дәл мендей қатты шөлдеген екен. Оның шөлін басуым керек деп құдыққа қиналып қайта түседі. Су құятын ыдысы болмағандықтан суды аяқ киіміне толтырады. Аяқ киімді тісімен ұстап, қиналып құдықтан шығады. Аяқкиімімен алып шыққан суды итке беріп шөлін басады. Бұл адамның шөлдеген жануарға деген мейірімділігі үшін Аллаһу та’ала оның күнәларын кешіреді.»
Пайғамбырымыздан бұларды естіген сахабалардың бірі: “Йа Расулаллаһ жануарға жасаған жақсылығымыз үшін де бізге сауап беріле ме?” деп сұрады. Расулуллаһ алейһиссалам «Иә, Барлық жандыларға жасаған жақсылықтар үшін сауап бар» деді.
Сондықтан кез келген адамның қатесі үшін оған бетдұға (қарғыс) етпеу керек, мейіріммен әрекет ету керек және «Аллаһым оған мейірім ет, күнәларын кешіре гөр» деп дұға ету керек және ыңғайы келгенде насихат айту керек. Өйткені пайғамбарымыз: «Мұсылмандар өз араларында бір-бірлеріне үнемі насихат айтулары керек, хақты және дұрысты үгіттеуі керек. Әркез бір-бірлеріне мейірімді болу керек» деп бұйырған.
Хазреті Абдулхалиқ Ғиждуани ұлына айтқан өсиетінде: «Адамдарға мейірімді бол! Ешкімді төмен санама! Ешкіммен таласып-тартыспа! Ешкімнен ешнәрсе сұрама! Азығың фиқһ, үйің мешіт болсын!» деген.