Untitled Document

Ғибрат... Мейірім

Көркем мінездігі, жомарттығы, діндарлығы, жетістігі, табыстылығымен танымал болған кәсіпкерден бір кісі сұрайды:

- Осы сізді адамдардың барлығы жақсы көреді, бәрі сізді мақтап жүреді. Ал негізінде адамдар әртүрлі болады ғой, жақсысы бар, жаманы бар, бәріне бірдей жағу өте қиын, сосын сіздің де біреуге қатесі, кемшілігіне байланысты дауыс көтергеніңізді, ашуланғаныңызды байқаған емеспіз, бұл қалай болғаны?- дейді. Дәл сол кезде далада қар жауып тұрған болатын, айнала қар жамылым аппақ күйге бөленген қыс мезгілі еді. Кәсіпкер:

- Мына терезеден сыртқа қараңыз, не көріп тұрсыз?- деп сұрайды. Әлгі кісі терезеден сыртты шолып шығып:

- Барлық жер қар басып тұр,-дейді. Кәсіпкер күлімдеп сөзін былай жалғайды:

- Қарды байқасаңыз күл-қоқыс, ұсқынсыз барлық нәрсенің бетін жауып, даланы аппақ әдемі күйге бөлейді. Менің де адамдарға деген сезімім, мейірімім осы қар секілді, кімнің кемшілігі, қатесі бар болса бәрін жауып қалады. Дүниеде мейірім арқылы шешілмейтін түйін жоқ. Жылы сөз жыланды інінен шығарады. Ашумен шешілетін де мәселе жоқ. Ашу дұшпандықты арттырады, жүйкені бұзады.    

 

Күлімдейік...Мысық

Бір отбасыда мысық болыпты. Үйдің отағасы мысықты жақтырмайтын көрінеді. Бір күні мысықты қаланың шетіне 15 км жерге апарып тастап, үйіне қайтып келсе мысық үйде жүр екен. Содан ашуланып  мысықты көлігіне салып қайтадан қаланың шетіне 30  км жерден оңға қарай 15 км, солға қарай 12 км, көлденеңнен 8 км қиғашынан 10 км, артқа 25 км жерге тастап қашып кетеді. 1 сағаттан соң әйеліне телефон шалып мысық келді ма деп сұрапты. Әйелі иә үйде десе, сол оңбаған мысыққа берші трубканы мен адасып кеттім депті.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031