Untitled Document

Сұхбат... Харамдардан сақтану

Нәпістің ризығы – харамдар. Хараммен азықтанған кезінде істемейтін жамандығы қалмайды. Нәпісті ең көп семіртетін күнә – құл (кісі) ақысы. Өйткені барлық күнәлар тәубемен кешіріледі. Бірақ құл ақысы тек тәубе етумен кешірілмейді, ақыны өтеу, халалдасу (кешірімін, разылығын алу) да шарт.

Хазреті Омарға, ол да пенде болғандықтан, бір тірлік үшін ақша қажет болады. Сад бин Әбу Уаққас хазреттеріне барып қарыз сұрайды. Ол: «Йа, Әмирәл мүминин, бәйт-ул-мал (үкімет қазынасы) қолыңда, барып сол жақтан қалағаныңша қарыз ал да, кейін өте! Неге бұлай келіп, басқалардан қарыз сұрап жүрсің?» дейді. Сонда хазреті Омар айтады:

«Ал өліп қалсам ше? Сен менің досымсың. Сенімен келісе аламыз. Керек болса, балаларым өтейді. Сен бір адамсың, ақыңды маған халал етіп, кешіп жіберуің мүмкін. Бірақ мен бәйт-ул-малдан (қазынадан) ақша алып, өлетін болсам, менің бала-шағам кіммен халалдасады? Бәйт-ул-малда жүз мыңдаған адамның ақысы бар. Олардың бәрін жеке-жеке тауып, «Әкемдегі қарыздарыңды кешіріңдер» деп айтуы мүмкін емес қой. Мен қолымды отқа қалайша созамын?» дейді.  

Харамнан қаншалықты көп сақтансақ, соншалықты Аллаһу та'аланың жәрдеміне қауышамыз. Тақуаның, яғни харамдардан сақтанатын бір адамның бір уақыт намазы харамдарға мән бермейтін адамның мың жылдық намазынан әлдеқайда құндырақ. Себебі Аллаһу та'ала тақуаларды жақсы көреді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031