Мақала... Оқушыларға уақытты тиімді пайдалану (1)
Оқушылар дене бітімі, зеректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін. Осы себепті дәріске немесе бір тақырыпқа кететін уақыт оқушыға қарай өзгере береді. Әр оқушы уақытты өзіне ыңғайлап тағайындайды.
Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы болады. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қайта қалпына келеді. Сабақ оқу үшін қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Алайда бұл уақыт қажетті мөлшерден асып кетпеуі тиіс.
Оқушылар арасында жасалған анкетаның нәтижесінде уақыт жоғалтуға себепші болатын басты факторлар ретінде ұялы телефонмен ойнау, сөйлесу, компьютер немесе планшетпен ойнау, достармен ойнау, теледидар көру және т.б. себептер анықталған. Жоғарыда атап өткеніміздей бұларда да шектен аспауға мән беру керек. Компьютер ойындарының, теледидардың тұтқынына айналып қалмау керек. Телефонмен ұзақ сөйлесулерден тыйылу қажет. Күн ішінде немесе апта ішінде жасайтын істеріңізді, мақсаттарыңызды белгілеп, жоспарлап, бұларды жазып жүру осы мақсаттарға жету, бұған ынталану және анализ жасау тұрғысында пайдалы болып келеді. Жазылған істерді маңыздылығына қарай ретке келтіріңіз және сіз үшін қайсыларының маңызды екендігіне сенімді болыңыз. (Жалғасы ертең...)