Untitled Document

Сұхбат... Аллаһу та’аланың мейірімі шексіз

Күнә істеген кезде іштей қынжылу, қайғыру, өкіну керек. Дүниеде берген қиыншылықтарын күнәларымыздың жазасы деп білу керек. «Әлхамдулиллаһ, жазамызды дүниеде берді» деп ойлау керек. Аллаһу та'ала хадис құдсида «Мені ренжулі болған құлдарымның жанында іздеңдер!», яғни «Олардың дұғаларын қабыл етемін» деген. Дүниелік дерттер мұсылман құлдарға ниғмет болып табылады. Дүние, онсыз да, өткінші бір көлеңке секілді, өтеді де кетеді.

Күнәларымыз таудай болса да, Оның мейірімі, кешірімділігі шексіз. Аллаһу та'ала әрі кешіреді, әрі жақсылықтарды да сыйға береді. «Аллаһумма иннәка афуввун кәримун тухиббул афуа фә'фу анни» дұғасын көп оқу керек. Бұл дұға «Йа, Раббым, әрине сен күнәларды кешірушісің, ихсан етушісің. Кешіруді жақсы көресің, олай болса мені де кешіре гөр, йа Раббым» деген мағынаны береді. Бұлардың бәрі Аллаһу та'аланың күнәһар, нәпсіне құл болған пенделеріне сүйінші.

Дұға ету де намаз, ораза сияқты ғибадат. Қажеттіліктерді, мұқтаждықтарды білдіру деген сөз. Ғибадат дегеніміз – өзінің әлсіздігін, мұқтаж екенін білдіру деген сөз. Дұға ету – бұйрық. Бір-бірімізге дұға етейік. Біреуге артынан, оған білдірмей жасалған дұғаның қабыл болу ықтималы жоғары. Хазреті Хусейн бин Саид (қуддиса сиррух) былай деген: «Адам дұға етеді, "Йа, Раббым! Маған мынаны бер!" деп сұрайды. Бірақ ол нәрсе оған қайырлы емес. Аллаһу та'ала оған жақсылық жасап, оның сұрағанын бермейді. Ол болса "Неге дұғам қабыл болмады?" деп қарсы шығады. Осы тұрғыдан адамдар Аллаһ алдындағы қадіріне қарай төртке бөлінеді. Біріншілер: Ниғмет келгенде қуанады, дерт пен пәлекет келгенде қарсы шығады. Екіншілер: Ниғмет келгенде қуанады, дерт пен пәлекет келгенде қарсы шықпайды, сабыр етеді, бірақ бұлардан құтылуды қалайды. Үшіншілер: Дерт пен пәлекет келгенде разы болады. Төртіншілер: Дерт пен пәлекет келгенде ниғметтерден алынатын ләззаттан күштірек ләззат алады және бұдан айрылуды қаламайды.»




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031