Untitled Document

Күннің тарихы... Ахыска (месхет) түріктері

Ахыска – Ардахан өлкесінің солтүстігінде Грузия аумағында, Пософ өзенінің екі жағасында орналасқан жер. Алты қаласы мен екі жүз шақты ауылы бар. Тас жол арқылы Тбилиси, Батуми және Түркиямен байланысады. Ардахан қаласына 48, Пософ өлкесіне 12 километр қашықтықта орналасқан. Осы аймақты мекендеген түркі халықтарына ахыска түріктері делінеді. Орыстар бұл аймақты Месхетия деп атағандықтан месхет түріктері деп те аталады.

Ахыска аймағы 1578 жылы Сұлтан III- Мұрат хан заманында Османдықтардың жеріне қосылды. Ол жерге Кония, Йозгат және Токат аумақтарынан жанұялар қоныстандырылды. 250 жыл Осман мемлекетінің қарамағында болғаннан кейін 1828-1829 Осман-Ресей соғысында орыстар әуелі Карс, сосын Ахысканы басып алды. Екінші Дүниежүзілік Соғыста Сталин қару ұстай алатын 40 мың түрікті соғысқа алғаннан кейін, қалған 91 мың түрік, 1944 жылы 14-16 қарашада (Көрші дұшпан мемлекеттің (Түркияның) ақпарат күштеріне байланыспай тұрып деген желеумен), Орта Азия елдеріне, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға айдалды. Бұлардың үй-жайлары армяндармен грузиндерге берілді. Бір айдан астам уақыт пойыздың жүк вагондарында қамалып, аштық, суық, және аурумен арпалысқан халықтан бұл айдауда 17 мың адам қаза тапты. Кейіннен ахыска түріктері Қазақстан, Қырғызстан, Түркменістан, Әзірбайжан, Түркия, Сібір сияқты дүниенің барлық жеріне тарап кетті. (ECMI) Еуропалық ұлт азшылығы мәселесі орталығының 2011 жылғы берген есебі бойынша қазіргі уақытта жер бетінде 550 мыңға жуық Ахыска түріктері бар екені болжануда. Олардың 200 мыңға жуығы Қазақстанда мекендейді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031