Untitled Document

Сұхбат... Харамнан құтылудың ең қысқа жолы

Әрбір мұсылманның дініміздің әмірлеріне мойынсұнып, тыйым салған нәрселерінен қашуы керек. Харамдардың барлығынан қашу өте қиын. Бірақ  Имам Раббани хазреттің білдірген жолымен діннің әмірі мен тыйымдарына мойынсұну жеңіл болады. Ол да салихтармен (жақсылармен), садықтармен (сөзде, амалда және ниетінде дұрыс болғандармен) бірге болу. Тәубе сүресінің 119-шы аятында: «Аллаһтан қорқып, садықтармен бірге болыңдар!» деп бұйырылған.  Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Ғалымның қасында болу – ғибадат.» (Дәйләми)

 «Харамдардан тыйылған кісімен бірге отыру – ғибадат.» (Дәйләми)

«Салихтермен (жақсылармен) бірге болған адам шақи (тозақтық) болмайды.» (Бұхари)

«Харамдардан тыйылған кісінің қасында отыру – ғибадат.» (Дәйләми)

Пайғамбарымыздан кімдермен бірге болу керектігі сұралған кезде былай деп жауап берді: «Көрген кездеріңде естеріңе Аллаһу та’аланы салатын, сөздері ілімдеріңді арттыратын, ілімі ахиретті ойлауыңа көмектесетін адамдармен бірге болыңдар!» (Әбу Яла)

Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша кәпірлермен, бидғатшылармен бірге отыру жақсы емес. Аллаһ адамдарымен, әулие құлдарымен, салих ғалымдармен әрдайым бірге болуға тырысу керек. Өйткені хадис шәрифте былай делінеді: «Олармен бірге болған адам шақи (тозақтық) болмайды.» (Бұхари)

Бұл заманда мұндай салих құлдарды табу өте қиын болғандықтан олардың кітаптарын тауып оқу керек. Әһли сүннет ақидасында болмаған және тура жолда жүрмеген адам салих бола алмайды.

Арштың астында былай жазылған: «Бір адам салихтер секілді амал етсе, бірақ күнәһарлармен бірге жүрсе, жақсы амалдары босқа кетіп, қиямет күні жамандармен бірге тіріледі. Ал бір адам жамандардың амалындай амал етсе, бірақ салихтерді жақсы көрсе, олармен бірге болса, күнәлары жақсылыққа айналып, қияметте жақсылармен бірге тіріледі.» (Қаб-ул-Аһбар)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031