Ғибрат... Біреуге он есе
Әйел әүлиелерден Раббия Адуия хазреттері кедей, бірақ өте жомарт болатын. Өзіне келген сыйлықтарды кедейлерге тарататын, күндерінің көбісін ораза тұтып өткізетін. Барлық ісінде Аллаһу та’аланың разылығын көздейтін. Бір күні үйіне қонақтар келеді. Оларға дәм ұсынғысы келді. Бірақ екі ғана күлше наны бар еді. Мұның қонақтарға жетпейтінін ойлап тұрғанында есік қағылады. Келген екі адам қарындары аш екенін айтып жейтін азық сұрамақшы еді. Олар айтпай тұрып-ақ екі нанды қолдарына ұстатып жіберді. Келгендер қуанып кетті. Арадан біршама уақыт өткен соң есік қағылып екі адамның бір дорба нан әкелгенін көреді. Келгендер: «Біздің мырзамыз мына нандарды Рабия Адуияға сыйлық ретінде жіберді», деді. Хазреті Рабия нандарды санап шығып: «мұнда екі нан кем ғой», деді. Келген кісілер қатты ұялды. Жасырып алып қалған екі нанды шығарып берді. Хазреті Рабия Бұл екі нанды оларға сыйға беріп: «Бұл екі нан сіздердің ризқыңыз еді. Сіздер рұқсатсыз алғандықтан ризықтарыңызды харам жолдан тапқан болар едіңіз. Бірақ енді халалынан жейтін боласыздар» деді. Болып жатқандарды бақылап отырған іштегі қонақтар: «Сен нанға тапсырыс берген бе едің?» деп сұрады. Хазреті Рабия: «жоқ» дегенінде «Олай болса екі нанның кем екенін қайдан білдің?!» деп сұрады. Хазреті Рабия: «Сіздердің қарындарыңыз аш, ал екі нан ешкімге жетпейтін еді. Бұларды көбейткім келді. Сол сәтте, есігіме келгендерге екі нанды беріп Аллаһу та’аладан қонақтарға жететіндей нан беруін сұрадым» деді. «Ал жиырма нан келетінін қайдан білдің?» дегенде былай деп жауап берді: «Өйткені Аллаһу та’ала Құран кәрімде жақсылық жасалғанда бірге он есе қайтарым беретінін уәде еткен. Мен оның уәдесіне сендім. Екі нанның орнына, жиырма нан беретінін білдім. Осы себепті екеуі кем деп айттым.» Мұны естіген қонақтар хазреті Рабияның Аллаһу та’аланың сүйікті құлы екендігіне тағы көз жеткізген болып, оған деген сүйіспеншіліктері арта түсті.