Денсаулық... Грейпфрут
Грейпфрут – құнарлылығы төмен және диеталық өнім. Оның 100 гр-да бар болғаны 32 ккал бар. Консервіленген грейпфруттың құнарлылығы – 37 ккал, ал грейпфрут шырынында 100 гр-ға 30 кКал. Грейпфрут мәйегінің құрамында көптеген пайдалы заттар бар. Олардың ішінде А, РР, С, D, В1, B2, В9 дәрумендері; калий, магний, кальций, фосфор, натрий, йод, железо, кобальт, медь, марганец, цинк, фтoр минералдары, жасұнық, антиоксиданттар мен каротиноидтар бар.
Грейпфрут артық салмақпен күресетін диеталық азық болып саналады. Бұл оның құрамында холестеринді ыдырататын және шығаратын, зат айналымын жылдамдататын және қант деңгейін азайтатын заттардың болуымен байланысты. Қан құрамындағы холестериннің деңгейін қалыптастыру және диабет кезінде инсулинді қолдануды азайту үшін диетологтар күніне кем дегенде бір грейпфрутты жеуді ұсынады.
Асқазан сөлінің қышқылы төмен болуына байланысты асқазан-ішек жолдарымен ауыратын адамдарға да дәрігерлер 200-250 гр грейпфрут шырынын ішуге кеңес береді. Жасы ұлғайған адамдардың грейпфрут қолдануы артериалық қысымды төмендетуге және атеросклероздың белгілерімен күресуге көмектеседі. Сонымен бірге, грейпфруттың құрамындағы заттар ұйқыны реттейді, жүйке жүйесінің жұмысына оң әсерін тигізеді, бас ауыруын азайтады.
Құрамындағы дәрумендер иммундық жүйені нығайтады және ісікті басады. Грейпфруттың эфир майы тынышталдыратын және демалдыратын қасиетке ие, сондықтан оны ваннаға немесе арома шамға қосуға болады.