Бала тәрбиесі... Гаджеттердің бірқатар зияндары (2)
Агрессия. Психикасы әлі қалыптаспаған кішкентай балалар теледидар мен ойындарда көрсетілетін көріністерге аса бейім. Онда кейде өлтіру, сабау, қинау мен зорлау сияқты зұлымдық іс-әрекеттерді көрсетеді. Мұның бәрі балада агрессияның пайда болуына әкеледі.
Гаджеттерге байлану. Ата-аналар балаларымен ойнап, сөйлесудің орнына көп уақытын ноутбукқа және смартфонға қараумен өткізеді. Егер бала ата-анасына байланбаса, онда кейбірі заманауи ойыншықтардан жұбаныш іздеп, соларға байланып қалады.
Радиациялық сәулелену. Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда сезімтал, сонымен қатар олардың миы мен имундық жүйесі әрдайым даму үстінде. Сол себепті ұялы телефондардан бөлінетін радиациялық сәулеленуге назар аудармауға болмайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы оларды және басқа да сымсыз құрылғыларды 2В санатына — ықтимал канцерогенге жатқызды.
Интернеттегі қауіп. Интернет арқылы төнетін қауіптерге балалардың әртүрлі мінез-құлыққа қайшы сайттарға оңай түрде кіре алулары, онда зұлымдыққа негізделген және жыныстық үлгідегі, әдепқе қайшы әрекеттердің қалыпты етіп көрсетулері, адасушылыққа, суицидке үгіттейтін сайттардың болуы, бақылаусыз түрде танымайтын адамдармен чат арқылы сөйлесуі, хат алмасуы мысал бола алады.» Интернет балаларға ізденетін, білімін толықтыратын мәлімет қазынасы болумен қатар, жоғарыда аталып өткен қауіптердің де таусылмас қоры. Сол себепті ата-аналардың бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы, балалары жан-жақты түрде бақылауында болуы өте маңызды.
Осы келтірілген барлық ықтимал салдар — балаларыңыздың денсаулығы мен болашағын ойлауға себеп. Бұл оларды толықтай заманауи технологиядан ажырату керек деген сөз емес. Оларға әңгіме, ойын, кітап және серуеннен тұратын жарқын және уайымсыз балалық шақтын дәмін де сезінуіне ықпал жасаңыз, сол жарқын сәттерді сыйлауға тырысыңыз.