Untitled Document

Сұхбат... Аллаһу та'ала әмірлерін пайғамбарлары арқылы білдірген

Аллаһу та'ала Адам алейһиссаламды топырақтан жаратып, Оның балаларымен әлемді безендірді. Адамдарға дүниеде және ахиретте рахат өмір сүруге, бақытқа қауышуға қажет болған нәрселерді білдіру үшін кейбірлерін пайғамбар етіп қадірлендірді. Бұл пайғамбарларға Жәбірейіл алейһиссалам есімді бір періште арқылы әмірлері мен тыйымдарын білдірді. Олар бұл әмірлерді үмбеттеріне хабарлады.

Пайғамбарлардың біріншісі – Адам алейһиссалам, соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Бұл екеуінің арасында көп пайғамбарлар келіп кеткен. Олардың нақты санын тек Аллаһу та'ала біледі. Есімдері мәлім болған жиырма жетісі: Адам, Шит, Идрис, Нұх, Худ, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб, Юсуф, Әййуб, Лұт, Шуаиб, Мұса, Юша, Харун, Дауд, Сүлейман, Юнус, Илияс, Әлйаса, Зүлкифл, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед алейһимуссалам.

Мұхаммед алейһиссалам – Хабибуллаһ, Ибраһим алейһиссалам – Халилуллаһ, Мұса алейһиссалам – Кәлимуллаһ, Иса алейһиссалам – Рухуллаһ, Адам алейһиссалам – Сафиуллаһ, Нұх алейһиссалам – Нәжиуллаһ. Бұл алтауы басқа пайғамбарлардан үстемірек. Оларға Улул-азм делінеді. Бәрінің үстемі Мұхаммед алейһиссалам.

Аллаһу та'ала жер жүзіне 100 сухуф және төрт үлкен кітап түсірген. Бұлардың бәрін Жәбірейіл алейһиссалам әкелген.

10 сухуф Адам алейһиссаламға, 50 сухуф Шит алейһиссаламға, 30 сухуф Идрис алейһиссаламға, 10 сухуф Ибраһим алейһиссаламға жіберілгені хадис шәрифте білдірілген. Бұл жерде «сухуф-парақ» дегеніміз – кішкентай кітап, кітапша деген сөз.

Төрт кітаптан Таурат Мұса алейһиссаламға, Забур Дауд алейһиссаламға, Інжіл Иса алейһиссаламға, ал Құран кәрім Мұхаммед алейһиссаламға түскен.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031