Ғибрат... Аман алып қалған өтірік
Шәйх Сади Ширазидің «Бостан уә Гүлістан» кітабында мына ғибратты оқиға өтеді;
Бір патша, қызметшілерінің бірі дөрекі қателік жасағандығы үшін басы алынуын әмір етеді. «Ашу-ызада ауыздан ақ ит кіріп, көк ит шығады» демекші алыстап бара жатқан бейшара қызметкері үмітсіздік пен ашу ішінде патшаны балағаттап, ауыр сөздер айта бастайды. Патша уәзірлерінен тұтқыннның не деп жатқандығын сұрайды. Жақсы ниетті, мейірімді бір уәзірі: «Ашуын жеңетіндер, кешірімді болғандар Аллаһу та’аланың құзырында үлкен сияпаттарға қауышады, деп жатыр патшам» дейді. Патша қызметшісіне жаны ашып, оның қанын төгуден бастартады. Бірақ басқа бір уәзірі: «Біз сияқты жақындарыңызға патшаның алдында дұрысын айтудан басқа нәрсе жараспайды. Бұл қызметшіңіз сізге жаман, балағат сөздер айтты» дейді. Патша түрі бозарып, басын шайқап әлгі уәзіріне: «Маған мына уәзірімнің өтірігі, сенің шын сөздеріңнен жағымды келді. Өйткені оның өтірігі, жақсылық жасау үшін болатын. Ал сенің айтқан шындығың, жамандыққа бағытталуда. Аталарымыз “жақсылық үшін айтылған өтірік, фитна (бүлік) шығаратын шындықтан жақсы” деген» деп жақсы ниетті уәзірін марапаттап, екінші уәзірін жазалаған екен.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.