Бүгін ... Бәрат түні
Бәрат түні - шабан айының 14 мен 15 арасындағы түн. Құран кәрім Ләухул махфузға осы күні түсті. Аллаһу та’ала ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын. Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Шабанның он бесінші түні болғанда түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала былай дейді: «Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейін». Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.»
«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер».
«Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзген адам, өзін жоғары санайтын және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.»
«Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. «Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн шабанның он бесінші түні» деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшріктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.»
«Осы жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Осы жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық ризығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу та’алаға ұсынылады.»
«Бәрат түнін олжа, мүмкіндік деп біліңдер! Өйткені, ол - белгілі бір түн. Шабанның 15-түні. Қадір түні өте қадірлі болса да, қай түн екендігі белгісіз. Бұл түні көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қиямет күні өкініп қаласыңдар!»
Қияметте өкініп қалмау үшін бұл түнді олжа деп біліп, тәубе етіп, кешірім сұрау керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрім оқып, мұсылмандарға дұға ету керек.