Денсаулық... Зеректік деңгейі
Канададағы Монреаль университетінде жасалған зерттеу соңында соңғы 50 жылда бүкіл дүние жүзінде зеректік деңгейі 1 IQ азайғанын мәлімденді. Зерттеушілер қоректену дағдысы мен технологиялардың миға кері әсерін тигізіп жатқандығын хабарлады. IQ деңгейін төмендетіп жатқан себептер төмендегідей тізбектелді:
● Қаныққан май (маргарин) қосылған азық түрлерін тұтыну: Бұл майлар мидың допамин гормонын түзілуін тежейді, есте сақтау қабілетіне зиян береді және мидың әсер беру мерзімін ұзатады.
● Бір мезетте бірден көп іспен айналысу: Мұндай кезде мидың тұтынатын глюкозасы жылдам қабылданады және мидың шаршауына себеп болады.
● “Google” қолдану: Миды жалқаулыққа дағдыландырады және есте сақтау қабілетінің жетілуіне кері әсер етеді.
● Реалити шоу тамашалау: Миды жалқаулатады.
● Ұйқысыз қалу: Үйрену қабілетін тежейді.
● Ұзақ уақыт сағыз шайнау: Назарды, зейінді бұзады.
IQ деңгейін көтеру үшін: Әрекетті өмір салтын ұстану мидың сергек болуына ықпал етеді. В1 дәрумені бар азық түрлерін тұтыну (сүт, балық, өкпе-бауыр, тауық еті т.б.). Түрегеп тұрып сөйлесу шешім қабылдау механизмін дамытады. Зеректік ойындары әсіресе жұмбақ шешу өте пайдалы. Қол әрекеттерімен сөйлесу.
IQ деңгейін төмендететін себептер: Дос-жаран, достық қарым-қатынастың аз болуы. Көру бұзықтығы. Денеге жеткілікті мөлшерде сұйықтық алмау. Дененің қалыпты деңгейде ұйқы алмауы. Стресс, күйзелу сезімдері. Майлы азықтар тұтыну. Спиртті ішімдік пен темекі тұтыну.