Untitled Document

Сұхбат... Бес әмір

Аллаһу та’ала Яхия алейһиссаламға уахи жіберіп: «Мына бес нәрсені үмбетіңе білдір» деді. Ол мұны біразға кешіктірді. Иса алейһиссалам Яхия алейһиссаламға барып, Аллаһу та’аланың бұл бес нәрсені үмбетіне айту әмірін есіне түсірді: “Егер сен айта алмай жатсаң мен айтайын” деді. Ол: “Сен айтпа, мен айтамын.  Өйткені сен бұл қауымның қандай екенін білмейсің. Бұлар адамды тірідей топыраққа көмеді” деді. Яхия алейһиссалам адамдарды Ақса мешітіне жинап Аллаһу та’аладан келген бес әмірді айта бастады:

1) Аллаһқа ширк қоспаңдар! Бұл мынаған ұқсайды: “Бір бай адам базарға барып, бір құл сатып алады. Құлға: “Бар жұмыс істеп, ақша тап та маған қарызыңды өте, саған бостандық берейін” десе. Құл базарға барып, жұмыс істеп, ақша табады, бірақ ақшаны басқаға береді. Байға болған қарызы өзгеріссіз қалады. Ширк - ғибадатты біреудің көруі, біреудің мақтауы, сыны үшін жасағандардың амалы. Кім үшін жасап жатқан болсаң соған бер!

2) Ораза ұстаңдар! Ораза ұстаған адам, қолында әдемі иіс су ыдысын тасыған адамдай. Ораза тұтқан адам, халық арасында әдемі иіссудай хош иісті болады.

3) Намаз оқыңдар! Намаз оқығанда әрдайым сәжде жасалатын жерге қараңдар! Зейіндерің жинақы болсын, ойларың, көздерің бытыраңқы болмасын! Өйткені иман келтірген адам намазға тұрғанда, Аллаһу та’ала оған назар салады. Намаз оқыған адам, жүзін оңға-солға бұрып басқа жаққа қараса, бұдан махрұм қалады.

4) Садақа беріңдер! Бұл неге ұқсайды? Біреуді жазаландыру орнына алып барады. Басы кесілмек. Дәл сол жерде жазалаушыға: “Қалтамда ақша бар. Соны сендерге құн ретінде төлесем мені босатасыңдар ма?” дейді. Ақша берілгеннен кейін, жарайды деп оны босатады. Садақа адамды дүниеде жазадан, ал ахиретте жаһанамнан құтқарады.  

5) Аллаһты көп зікір етіңдер! Бір мүминге дұшпандар шабуыл жасаса, құтылуы мүмкін еместей. Артына қараса, бір қамал көреді. Қамалға кіреді де есікті жабады. Зікір дәл осы қамалдай адамдарды дұшпандардан қорғайды. Сырттағы дұшпандар адамның шайтандары мен нәпсілері. Олардан құтылудың жалғыз шарасы Аллаһ деу, ғибадат жасау, Аллаһу та’аланы еске алу. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031