Денсаулық... Шомыр
Шомырдың (редька) құрамында В тобының дәрумендері (тиамин, рибофлавин, пиридоксин), А, С дәрумені, никотинді қышқыл, калий тұздарының үлкен мөлшері, кальций мен натрий, темір, фосфор, күкірт, жасұнық, май мен аминқышқылдары, эфир майлары мен ферменттер болады. Пайдалары:
- Шомырды асқа тұрақты түрде пайдалану тәбетті арттырады, асқорытуға жалпы оң әсер етеді.
- Шомырдың құрамындағы ерекше заттар антибактериалды қасиетке ие.
- Шомырдың құрамында А дәрумені болғандықтан оны көзі нашар көретін және жүйке жүйесі ауруы бар адамдарға тұтынуға кеңес беріледі.
- Құрамында көп мөлшерде кездесетін В тобының дәрумендері зат алмасуға өте пайдалы.
- Сонымен қатар шомырдың құрамындағы калий, натрий сияқты минералды элементтер қан қысымын қалыптандырады. Кальций жүйке жасушаларына дұрыс жұмыс жасауға көмектеседі.
Күлімдейік...Апаның ақкөңілдігі
Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Кәрі апаның сол сәттегі сөзі автобустағыларды ду күлкіге қалдырған екен: «Ойбу байғұс-ау, жастайыңнан жесір қалғанбысың?» деген екен.