Ғибрат... Абдуллаһ Әл-Ажеми (1)
Шәйх Абдуллаһ Әл-Ажеми үстем халдері мен кереметтері көп байқалған әулие, кәміл ғалым болған. Халеп (Алеппо) қаласының маңындағы ауылда тұратын. Бау-бақшаларда еңбек етіп күнелтетін.
Күндердің бірінде заманының сұлтаны Мәлик Захир Мужируддин осы ауылға келеді. Бау ішінде жүрген бағбанды көріп: «Әй жігіт, бізге бір тәтті анар әкелші» дейді. Хазреті Абдуллаһ ағаштан бір анар үзіп әкеліп береді. Патша қабығын аршып жеп көріп: «Мына анар тым қышқыл ғой. Сен қандай бағбансың анардың тұщысы мен ащысын ажырата алмайтын» дейді. Абдуллаһ Әл-Ажеми баудағы жемістерден мүлдем жемегендіктен ащысы мен тәттісін ажырата алмайтын еді. Патшаның сөзінен бір жағы ұялып, бір жағынан көңілі жабырқаулы қалған еді. Бір ағаштың астына барып екі рәкат намаз оқып: «Йа Раббым! Патшаға ұсынуым үшін қай анардың тәтті екендігін білдіре гөр» деп дұға етеді. Оның намаз оқуы мен дұға етуінен көз алмай бақылап отырған патша таңданысынан орнынан тырп етпей отыра береді. Өйткені баудағы ағаштар онымен бірге сәждеге иіліп жатқан еді. Өз-өзіне «Демек бұл жігіт әһликеремет болды ғой» деп атынан ырғып түсіп, аяқтарына жығылмақшы болады. Абдуллаһ Әл-Ажеми кері шегініп бұған жол бермейді. Патша: «Сен намаз оқығаныңда ағаштар сенімен бірге сәждеге барды» дейді. Хазреті Абдуллаһ: «Көзіңізге солай елестеген болар, патшам» дейді. «Жоқ, Уаллаһи шын көрдім, шынайы патша сенсің, біз сенің қызметшіңбіз» дейді патша. Біраз сұхбаттасқаннан кейін Мәлик Захир оған деген жақындығын бұдан да арттыру үшін: «Менің әдепті, сізге лайықты қызым бар. Оны некеге алуыңызды сұраймын» дейді.
(жалғасы ертең)