Үй үшін... Практикалық мәліметтер
♦ Апельсиннің суын жақсылап шығару үшін, оны сығудан алдын біраз уақыт салқын суға салынады.
♦ Қатып қалған нандарға су сеуіп, фольга қағазына орап, 5-10 минут пешке қыздырып алу керек.
♦ Бірдей мөлшерде сүт, пияздың суы және зәйтүн майын араластырып етке жағып, 10-12 сағат мұздатқышқа қойып қойсақ, ет дәмді болады.
♦ Балықты суық су толы бір ыдысқа салған кезде дереу түбіне шөгетін болса, балықтың таза, балғын екенін білдіреді.
♦ Көп мөлшердегі сарымсақтың қабығын аршып, зәйтүн майына салып, ұзақ уақытқа сақтауға болады.
♦ Ірімшікті үккіштен (теркадан) оңай өткізу үшін мұздатқышқа 10-15 минут
салып қою керек.
♦ Саңырау құлақтар тұзды және лимонды суда 5 минут тұрса, қараюының алды алынады.
♦ Саңырау құлақтар қағазқа оралып, мұздатқышта сақталады.
♦ Майды қыздырар кезде ішіне бір шөкім тұз салынса, майдың шашырауының алды алынады.
♦ Қызанақты қайнаған суға салып, пышақтың артымен қызанақтың үстінен жүргізіп шықса, қабығы тез алынады.
♦ Тамақ беті жабық ыдыста, ыстық сумен пісірілсе, витаминдерін жоғалтпайды.
♦ Сүт пісірілетін ыдыс алдымен сумен шайылса, сүт түбіне жабыспайды.
♦ Жып-жылтыр мұзға қол жеткізу үшін, қайнатылған су суытылып, тоңдырылады.
♦ Айнаны жылтырату үшін, сірке суымен сүртіледі.
♦ Сағыздың дағын 1 сағат мұздатқышқа қойып тазалауға болады.
♦ Лимоннан көп шырын алу үшін, біраз ыстық суға салып қою керек.
♦ Пияздың қабығын ашығанда сағыз шайналса көз жасаурамайды.
♦ Қабығы ашылмаған картоптардың тез пісуі үшін, ашылған бір картоптың жартысы кастрөлге салынады.
♦ Жұмыртқа тұзды суда пісірілсе жылдам піседі және жарылмайды.