Untitled Document

Бала тәрбиесі... Айтқан тілді алдыру

    Бала өзін жақсы көргенді, өзімен ойнағанды, сөйлескенді, көңіл бөлгенді қалайды. Бұл нәрселерге аса қажеттілігі бар. Бала өзіне салқын, қабағын түйіп, дөрекі және қатты мәміледе болған үлкендердің оны жақсы көрмейтінін ойлайды және күйзеліске ұшырайды.

    Балаларға тек насихат айтудың көп жағдайларда әсері болмайды. Мәселен он рет оған “Тамақтан бұрын қолыңды жу” деп айтудың орнына бір рет “Кәне екеуміз бірге қолдарымызды жуайық!” деп бірге істеу одан да әсерлі болып табылады. Оған бір нәрсені істе дегеннен кейін, ол нәрсені істеп-істемегенін қадағалау керек. Бұл қадағалау оның бұдан кейін де айтылған нәрсені орындауы үшін қажет. Оның қолынан келмейтін немесе істемейтіні мәлім болған нәрселерді айтпау керек. Олай болмаған жағдайда істеп жүрген қарапайым нәрселерді де істемейтін болады.

Күлімдейік...

Мода

Бай бір бизнесмен өзінің бизнестегі ортағы, әрі досынан сұрайды:

- Осы сенің кигенің қайыршының киіміне ұқсайды, ал әйелің болса әртістерше киінеді. Неге жақсырақ киінбейсің?

- Қайтейін енді, екеуміз де оқыған нәрсеміздің әсерінде қалудамыз.

- Бұл қалай болғаны?

- Ол мода журналдарын үзбей оқиды, ал мен болсам отбасымыздың кіріс-шығыс дәптерін оқимын,- деген екен.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031