Жалғасы... Сенімділік (2)
Бұл құнды чекті сейфіне салып қояды. Сейфте ауқымды сома жатқанына арқа сүйеп, жұмысына білек сыбана кіріседі. Үлкен-кіші деместен барлық шаруаларын ретке келтіреді. Берешек жоспарларын жаңадан қалыпқа келтіреді. Жақсы жүрген істері жаңа жұмыстарға жол ашып, бірнеше айда бүкіл шаруалары қайта ретке келеді. Осы арада бүкіл кредиттері мен қарыздарынан құтылып, табысы бұрыңғыдан да еселей түседі. Бір жыл бойы жұмысы жақсы жүріп, келісілген күні мұрты бұзылмаған чекті қолына алып паркке келеді. Келісілген сағат таяғанында баяғы қарт кісінің өзіне жылдам қадамдармен келе жатқанын көреді. Оған чекті қайтарып, алғысын білдіріп, соның арқасында табысқа кенелгендігін айтпақшы болып енді қолын ұзата бергенінде бір медбике жүгіріп келіп, әлгі кісіні ұстап алады. Медбике: «Таптым-ау ақыры, атамыз сіздің мазаңызды алмаған болар» дейді, «Бұл кісі үнемі қарттар үйінен қашып, осы паркке келеді. Адамдарға өзінің Джон Рокфеллер екенін айтып бастарын қатырады» дейді. Медбике әлгі кісіні қолтықтап, алып кетеді. Кәсіпкер таңқалған бойы, бір орнында ұзақ тұрып қалады. Бір жыл бойы болмаған жағдайда сейфте жарты миллион бар ғой деп соған сенім артып, біршама жұмыстар атқарған болатын. Бұдан өмірдің ағысын өзгертетін ақша емес екен ғой деген сабақ алады. Өмірін өзгерткен «өзіне деген сенімділік» еді. Жетістіктің сыры сейфтегі ақша емес, жүрегіміздегі және санамыздағы дүниелер екен.