Untitled Document

Өлең... Өміріңді бағала

Иманды бол, адал жүріп, адал тұр
Залалыңды тигізбегін ешкімге
Бүгін бар боп, жерді басып жүргенмен
Ертеңіңе кепіл болмас ешкім де

Ең бақытты адам деген мейірмен
Бақыт табар әрбір өткен сәтінен
Назаланба, бір Аллаға шүкір де
Тыныс алып тұрған əрбір сəтіңе

Жер бетіне қонақ болып келгенбіз
Адам деген арлы атыңды кірлетпе
Тірі жүрген əр сəтіңді бағала
Айналаңда кім бар, бəрін құрметте

Өмір деген ақиқатсыз кемеде
Жетпес ешкім қадіріңе, бағаңа
Тәлкегіне тағдыр салды демегін
Қайталанбас өміріңді бағала

Демес ешкім жерді мəңгі мекенім
Өтер-кетер, бəрі бір күн жоғалар.
Дəлелдейді өмір жалған екенін
Бір-бір төбе құмға айналған молалар...

Нұрайым Нұрқабылова



<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031