Untitled Document

Бала тәрбиесі... Баланы кітапқа баулу (1)

Барлығымыз бала-шағамыздың білімді болуын, көп кітап оқуын қалайтынымыз анық. Бірақ осы білімге баулуға, кітапқа оқуға бағыт-бағдар көрсетіп жатқанымыз қаншама?! Өйткені кітап оқу дағдысын қалыптастыру оңай шаруа емес. Кез келген нәрсені мәжбүрлеп істету ұзаққа бармайтыны сияқты кітап оқу дағдысын қалыптастыруда да мәжбүрлеу іске аспайды. Керісінше мәжбүрлеп қинап оқыту балада кері әсер, кітапқа деген теріс көзқарас қалдыруы мүмкін. Ал сонымен қатар кішкентай кезінде қалыптасқан дағдылар адамның бүкіл өмірін түрлендіреді. Яғни 10 жасқа дейінгі мерзім қиял күшінің жетілуі және кітап оқуды жақсы көруі тұрғысында өте маңызды кезең. Егер осы кезеңде бала кітаптан алшақ қалса кейінгі кезеңдерде өз еркімен кітап оқуда қиындық тартады.

Кітап оқу дағдысын қалыптастыруда отбасының маңызы зор. Бала үшін ең әсерлі тәлім ошағы саналатын отбасыда ешкім кітап оқымайтын болса, балада да кітап оқу қалауы болмайды. Сондықтан алдымен өзімізге қарауымыз керек. Үй ішінде кітап оқуға деген қызығушылық бар ма?! Әлде телефонға үңіліп отыруға бейімбіз бе?! Аптада немесе айда қанша кітап немесе қанша бет оқисыз?! Ең болмағанда баланы ынталандыру үшін кітап оқығансымақ болып, ырымын жасай аласыз ба?! (Жалғасы ертең...)

 

Зеректік жұмыртқасы... Жұмыртқа

Қолымызда екі жұмыртқа бар. Бірі піскен, бірі шикі. Қайсысының піскен, қайсысының шикі екенін жұмыртқаны жармастан қалай анықтауға болады? (Жауабы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031