Untitled Document

Cұхбат Мақсат иманмен кету

Аллаһу та’ала мұсылмандардың өздері емес, имандарының үстем екендігін білдірген. Яғни иман кімде болса, сол үстем деген сөз. Ал шексіз үстемдік соңғы демде белгілі болады.  

Суфйан Сәури хазреттерінің арқасы жас болса да бүкірейіп кеткен еді. Себебін сұрағанда былай деп жауап берді: “Үш ұстазға шәкірт болдым. Үшеуі де заманының ең ғалым адамдары еді. Өлім уақытында үшеуі де дүниеден имансыз кетті. Олардың мұндай жағдайын көріп қорқыныштан омыртқа сүйегім бүгіліп қалды.”

Бүкіл өмірі иманмен өтіп, соңғы күндерінде иманы кеткен және имансыз өлген кісі, қияметте имансыздар арасында болады. Сондықтан да иманымен жан бере алу үшін күнде дұға ету керек. 

Шайхулислам Ахмед ибн Камал Паша хазреттері былай деген: “Адамның ісіне қарай өмірі және ризқы өзгереді, жақсылар жаман, жамандар жақсы болып өзгеруі мүмкін. Осылайша Аллаһу та’ала біреуге өлімі жақындағанда жақсы істер жасатып, соңғы демінде иманмен жібереді. Тағы бір адамға жаман амал істетіп имансыз жібереді. Сондықтан Расулуллаһ әрдайым мына дұғаны оқитын еді: “Аллаһуммә йа муқаллиб-әл-қулуб, сәббит қалби ала диник.” Мағынасы: Ей жүректерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын Раббым! Қалбімді, (көңілімді, жүрегімді) дініңе тұрақтандыр!

Аллаһу та’ала шексіз мейірімділігінен пайғамбарлар жіберіп, бар және бір екендігін, сену керек болған нәрселерді, құлдарына білдірген. Иман – пайғамбарымыздың білдіргендерін жүрекпен мақұлдау деген сөз. Пайғамбарымызды мойындамаған, қарсы шыққан адам кәпір болады. Ал қарсы шыққандар жаһаннамда мәңгі қалады. 

Бір адамның мұсылман немесе кәпір екендігі, жақсы - жамандығы, жаннаттық немесе жаһаннамдық болатындығы соңғы демінде белгілі болады. 

Қорыта айтқанда әр нәрсенің, әр істің бір мақсаты болады. Ал мұсылманның негізгі мақсаты, иманмен жан тапсыру, соңғы демде Аллаһ деп айта алу болу керек. Мутарриф бин Абдуллаһ хазреттері былай деген екен: “Жақсы біліңдер; Аллаһу та’ала бір құлына иманмен жанын тапсырудан, иманмен өлуден де үлкен ниғмет бермеген.”




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031