Бір хаттан үзінді
АҚШ-тың бұрынғы президенттерінен Авраам Линкольнның, ұлының мұғаліміне жазған хатынан үзінді:
«...Барлық адамның турашыл және әділ емес екендігін білемін. Бірақ, оған мынаны да үйрет, әр қара ниетті арамға қарсы бір қаһарман, әр жеке басын ойлаған саясаткерге қарсы өзін құрбан ететін бір көшбасшы да бар. Әр дұшпанға қарсы бір дос бар екенін де оған үйрет! Уақыт көрсетер, білемін, бірақ оған үйрете алсаң, өз еңбегімен тапқан бір доллар, тауып алған бес доллардан да құнды екендігін үйрет! Жеңіле білуді де үйрет және де жеңіске жеткенде қуануды үйрет. Көре алмаушылықтан, қызғаныштан оны алыстат!...
Бұзақылардың көріністе ғана жеңіске жететіндерін ерте көруіне ерік бер. Егер қолыңнан келсе, оған кітаптардың маңыздылығын үйрет! Бірақ оған тыныш, тынық уақыттар да қалдыр, көктегі құстардың, аралардың және жап-жасыл баурайдағы гүлдердің мәңгілік сырын да ойлансын. Сабақта қате жасаудың қулық жасаудан абыройлы екенін үйрет. Оған өз пікірлеріне сене білуді де үйрет, өзгелер мұны қате десе де...
Оған барлық адамды тыңдай білуін үйрет, бірақ барлық тыңдағандарын шындықтың сүзбесінен өткізуін және тек жақсы болғандарын алуын үйрет! Егер қолыңнан келсе, мұңлы кезде де күлімдей алуды үйрет, оған!
Ұлыған адамдар тобырында құлақтарын бітей алуын үйрет және егер өзінің шындық тарапында екеніне сенсе тік тұрып күресуін үйрет!... Онымен нәзік мәміле жаса, бірақ оны құшақтама, өйткені болатты от қана тазалай алады. Сабырсыз болатындай дәрежеде батылдыққа ие болсын! Батыл болатындай дәрежеде сабырлы болсын. Оған өзіне деген терең сенімде болуын үйрет, осылайша адамдарға деген сенімі де терең болады. Бұл айтқандарым үлкен өтініш, қолыңнан келгенше орындауға тырыс!...»