Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Сауда-саттықта алдану да ысырап

Затты өз құнынан төмен бағаға сатып немесе жалға беріп, яки құнынан жоғары бағаға сатып алып немесе жалға алып алдану ысырап болады. Алданып сауда жасауға зәру қажеттілік бар болса немесе көмектесу, садақа беру сияқты ниетпен осылай істесе ысырап болмайды. (Мысалы, қиналып жүрген кедейге көмектесу ниетімен оның арзан затын қымбатқа сатып алу ысырапқа жатпайды, садақа болады.) Мәйіттің кебінін мөлшері мен матасы тұрғысынан Ислам дінінде көрсетілгенінен артық жасау ысырап болады. Абдуллаһ ибн Омар хазреттері былай жеткізген:

«Сад бин Әби Уаққас хазреттері дәрет алып жатқанда Расулуллаһ алейһиссалам оны көріп қалды.

- Ей, Сад! Суды неге ысырап қылып жатырсың? – деп сұрады.

- Дәрет алғанда да ысырып болады ма? – деп сұрағанында, пайғамбарымыз:

- Үлкен өзеннің жағасында болса да, дәретте қажетінен артық су қолдану ысырап болады, - деп жауаптады.»

Күлімдейік... Дүниеде жоқ бір күн

Қожанасыр мата бояу жұмысымен айналысып жүрген кезінде, өзін әзілкеш деп ойлайтын бір кісі Қожанасырға бір мата алып келіп былай депті:  

– Қожеке, бұл матаны дүниеде жоқ бір түске бояшы.

– Дүниеде жоқ түс деген ол қандай түс?

– Қызыл емес, қара емес, жасыл емес, сары да емес, көк те емес, дүниеде жоқ бір түс,- депті әзілкеш.

– Мейлі, сіздің айтқаныңыздай етіп бояйын.

– Қашан келіп алып кетсем болады?

– Дүниеде жоқ бір күні. Яғни дүйсенбі емес, сейсенбі емес, сәрсенбі емес, бейсенбі емес, жұма емес, сенбі де, жексенбі де емес, осы күндерден басқа бір күні келіп ал кет!




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031