Untitled Document

Мереке ... Айт мейрамы

Бұл күні рамазан біткендігі үшін емес, күнәларымыз кешірілгендіктен, үлкен сауап пен ниғметке қауышқанымыз үшін мерекелейміз.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Айт күні таңертең мұсылмандар намазға мешіттерге жиналғанда Аллаһу таала  періштелергеІсін орындап бітіргеннің сыйлығы не болмақ?” деп сұрайды. ПеріштелерАқысын берудейді. Аллаһу таалаСендер куә болыңдар, рамазандағы оразалары мен намаздары үшін сыйлық ретінде құлдарыма өз ризалығым мен кешірімімді бердім. Ей, құлдарым, бүгін менен тілеңдер, құдіретім мен ұлылығымның құрметіне қалағандарыңды береміндейді».

Пайғамбарымыз: «Рамазанның соңғы күні Аллаһу таала ораза тұтқандарды молынан кешіреді» дегенде сахабалар «Йа расулаллаһ, ол күн қадір түні ме?» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Білмейсіңдер ме, істі орындаған адамға істі бітірген соң ақысы беріледі»- деді.

Осыларды білетін мұсылман қалайша қуанбайды, қалайша мерекелемейді? Мереке күндері қуану, шаттану керек.

Хадис шәрифте: «Аллаһу таала  рамазанда төрт топ адамнан басқа барлық адамның күнәсін кешіреді. Олар арақ ішетіндер, ата-анасына қарсы шығатындар, ата-анасымен, туыстарымен араласпайтындар, мұсылман болудан үмітін үзгендер» деп ескертілген. Егер бұлар тәубе етсе, Аллаһу та’ала олардың күнәларын кешіреді.

Күнәлардан сақтанып, ораза тұтқандар қандай бақытты. Олар нағыз мерекені ахиретте тойлайды.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031