Untitled Document

Сахаба... Әбуддәрда

Хазреті Әбуддарда - пайғамбарымыздың сахабасы, тәфсир, хадис, фиқһ ілімдерінде кәміл ғалым, Құран кәрімді жатқа білген қари және көптеген адамдардарға діни тәлім үйретуші ұстаз ретінде мәшһүр. Толық есімі Уәймир бин Зәйд әлАнсари. Туған жылы белгісіз. 652 (хижри 32) жылы Шам қаласында қайтыс болған. Пайғамбарымыз хижрадан кейінгі бауырластықта хазреті Әбуддарданы Салман Фариси радиаллаһу анһпен бауырластырған.

Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін хазреті Омардың өтінішімен Шам қаласында дәріс беріп көптеген ғалым жетілдірді. Хазреті Әбуддарданың сонымен қатар медицина саласында да білімі мол еді. Қажетті дәрі-дәмектер жасап ауруларды емдейтін.  

Бір күні жұма намазы кезінде пайғамбарымыз жұма хұтбасын оқып жатқан болатын. Хазреті Әбуддарда хұтбаны тыңдап отырғанында сахаба қатарына жаңа қосылған бір кісі дінге қатысты бір сұрақ сұрайды. Әбуддарда хазреттері жауап бермейді, басын алдына игені бойынша отыра береді. Әлгі сахаба тағы қайталап сұрағанында Әбуддәрда хазреттері тағы жауаптамайды. Басын бұрып та қарамайды. Кейін жұма намазы оқылып бітіп, дұға етіліп бәрі сыртқа шығып жатқан сәтте Әбуддәрда хазреттері әлгі сахабаға қарап: «Жұма намазыңды зиян еттің» дейді. Ол: «Неге?» деп сұрағанында: «Жұма намазында, әсіресе хұтбада сөйлеуге болмайды» деп жауап береді. Кейін әлгі кісі пайғамбарымызға барып болғандарды айтып береді. Сондай пайғамбарымыз: «Убәй дұрыс айтты. Имам хұтбада сөйлеп жатқанда, сөзін бітіргенге дейін тыныш отыр және оны тыңда» деген екен.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031