Денсаулық ... Салауатты өмір сүрудің жолы
Қартаюды тоқтату әлі мүмкін бола қоймады, бірақ кешіктіру мүмкін. “Аз жеңдер!”, “Көңілді болыңдар!” және “Жүйелі жаттығулар жасаңдар!” деген кеңестерін айтатын мамандар, бұл ережелер салауатты өмірдің ең басты негіздері екенін атап өтуде. Мамандардың айтуы бойынша, денсаулығы мықты болу және жас көріну үшін ең бірінші каллорияны қысқарту керек, яғни бір адамның алатын күндік каллориясы 1000-1500 ден аспауы тиіс. Әйтпеген жағдайда каллорияны май етіп жинау және қартаю жағдайынан қашу мүмкін болмайды.
Жасалған зерттеулердің нәтижесі каллорияларын 30-40% қысқартқан жануарлардың өмірі 100% көбейгенін көрсетті. Каллорияны қысқарту дегені диета еместігін айтқан мамандар “Барлық нәрсені жей беріңдер, бірақ өте аз жеңдер!” деген ескертулерін жиі қайталауда.
Күлімдейік...Араша
Қожа керілдесіп тұрған екі жігіттің үстінен шығып қалып, арашаға түсіп, бірін жетектеп ол жерден алып кетеді.
Ызадан қалшылдап келе жатқан жігіт былай шыға бере:
- Қожеке, сен арашаламағанда әлгінің жағын айырып жіберетін едім, - дейді кіжіне сөйлеп.
- Пайданы білмейді екенсің, - деп ұрсыпты Қожа сонда әлгі жігітке, - Оның жағын жұдырығыңғды ауыртып айырғанмен ол саған бір теңге де бермейді. Сен одан да менің отынымды жарып, балтамен-ақ айырып бер. Шайлық ақша таппағаныңды көрейін.