Untitled Document

Сұхбат... Бір мазһабқа мойынсұну

Құран кәрім және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген үкімдерді ашық білдірілгендерге ұқсатып үкім шығаратын терең білімді ғалымдарға мүжтәһид делінеді. Сахабалардың барлығы мүжтәһид еді. Мүжтәһидтің мазһабы өзінің мазһабы. Сахабалардың әр бірі, мазһаб имамы, тіпті мазһаб имамдарының ұстаздары еді. Ал сүйікті пайғамбарымыз әлемнің ұстазы еді. «Олар қай мазһабта еді?» деп сұрау олардың ұлылығын білмегендікті білдіреді. Сүннетте жасырын қалған жерлерді мүжтәһид ғалымдары ашықтаған, осылай мазһабтар пайда болды. Бұл мазһабтардың төртеуі ғана кітаптарға өтіп, қалғандары ұмыт болған. Төрт мазһаб – Ханафи, Малики, Шафии, Ханбәли мазһабы. Бұл төрт мазһабқа әһли сүннет делінеді. Бұл төрт мазһабтың біріне мойынсұнбағандарға мазһабсыз, әһли бидғат (адасқандар) делінеді. 

Кейбір адасқандардың: «Мен мазһабтардың ең жоғарысымын. Маған мазһабтың қажеті жоқ, мен тек Құранмен амал етемін» деп айтуы, «Мен заңдардың ең жоғарысымын. Мен тек қана конституциямен өмір сүремін» дегендей қате нәрсе. Өйткені, конституция тұрғанда заңның қажеті жоқ деп айту қаншалықты қате болса, Құран тұрғанда мазһабтың қажеті жоқ деу, одан да үлкен қате. Біреудің: «Дәрігер болу үшін, медицина жайлы кітапты оқу, химик болу үшін де химия кітабын оқу жеткілікті» деп қолына алған бір медицина және химия кітабымен өз басынша дәрігер болуға, дәрі даярлауға тырысуы қаншалықты күлкілі болса, «Мен Құраннан, хадистен үкім шығарамын» деп айтуы одан да асқан азғындық.

«Мен ислам бойынша өмір сүремін, мазһабқа мойынсұнбаймын» деуі, «Мен елбасына мойынсұнамын, бірақ заңға, милицияға, сотқа бағынбаймын» дегенге ұқсайды. Өйткені исламға мойынсұну  деген, төрт мазһабтың біріне мойынсұну деген сөз. Ислам бір бөлек, мазһаб бір бөлек нәрсе емес. Екеуі бір нәрсе. Төрт мазһабтың біріне мойынсұнған адам Исламға мойынсұнған болады.   




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031