Untitled Document

Сұхбат... Адамдарға жақсылық жасау

Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін амалы мен ғибадаты, кім болса да Оның құлдарына жақсылық жасау. Аллаһу та’аланың махлұқтарына мейірімін төккен адам мейірімге бөленеді. Кім не істесе де өзіне істеген болады. Жақсылық жасаған адам ахиретте сауабын, рахатын көреді, жамандық еткен адам азабын шегеді. Сүйікті пайғамбарымыз: «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны» деген. Әрбір адам өзінен «мен Раббымның құзырында қабылдық адаммын ба әлде олқылық адаммын ба, мен дұға алып жатырмын ба, әлде қарғыс алып жатырмын ба?» деп сұрауы қажет. Аллаһу та’аланың барына сенетін адам Оның әмірлерін орындауға, тыйымдарынан сақтануға жан-тәнімен тырысады. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне жамандық қылғандарға сабырмен мәміле етеді, сөз таластырмайды. Күнәларына, жасаған қателеріне тәубе етеді. Берген уәдесінде тұрады. Барлық жақсылығын Аллаһ разылығы үшін жасайды. Ешкімнің мал-жанына, намысына көз тікпейді. Жұмыс барысында, сауда-саттықта ешкімнің ақысын жемейді. Бәріне жақсылық жасайды. Күмәнді нәрселерден аулақ жүреді. Мансап иелеріне, залымдарға жағымпазданбайды. Ілім және ахлақ иелеріне құрмет көрсетеді. Достарын жақсы көреді және олар да оны жақсы көреді. Жаман адамдарға насихат береді, оларға ермейді. Кішілерге ізетті, мейірімді болады. Қонаққа сый көрсетеді. Ешкімді шағыстырмайды, шәһуатының жетегінде кетпейді, зиянды, тіпті пайдасыз нәрсе де айтпайды. Ешкімге қатал мәміле көрсетпейді. Жомарт болады. Мал-мүлікті, мансапты адамдарға жақсылық жасау үшін сұрайды. Риялық, екіжүзділік етпейді. Өзін ұнатпайды. Аллаһу та’аланың әр сәтте өзін көріп тұрғанын ойлап ешқашан жамандық жасамайды...




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031