Сұхбат... Сауаптар күнәларды жояды
Жақсылықтарымыз, сауаптарымыздың көп болуы дүниеде де, ахиретте де сыйлы, ардақты, бақытты болуға жеткізеді. Сондай-ақ сауаптардың көп болуы күнәларды өшіреді. Құран кәрімде: «Әрине хасанат сәйиатты жоқ қылады» делінген. (Худ 114) (Хасанат – жақсылықтың барлық түрі, ал сәйиат – әр түрлі жамандық деген сөз.) «Бір жақсылық жасаған адамға он есесі беріледі.» (Әнам 160)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Бір күнә істеген кезіңде дереу артынша бір жақсылық жаса, бір сауапты іс жаса, сол күнәні жойып жіберсін!» (Бәйһақи)
«Қайда, қай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорық және жамандықтың артынша бір жақсылық жаса, оны жоқ қылсын!» (Тирмизи)
«Бір жақсылық жасауды ойлап, жасай алмаған адамға Аллаһу та'ала жасағандай толық бір сауап жазады. Егер сол жақсылықты жасаса, Аллаһу та'ала (ол кісінің ықыласына қарай) он, жеті жүз және одан да көп сауап жазады. Бір жамандық жасауды ойлап жасамаған адамға да Аллаһу та'ала толық бір сауап жазады. Сол жамандықты істесе, тек бір күнә жазады.» (Бұхари, Мүслим)
Жаман болу, жамандық жасау оңай, мұны белең алып жатқан жамандықтардан көруге болады. Жақсы болу, жақсылық жасау әр адамның ұстанымына, сондай-ақ амалына айналуы тиіс. Көбінесе ұстаным, ниет күйінде қалып қоюда. Демек, жақсы ниетпен қатар жақсылықты амалға асыру, жақсы еңбек ету де қажет. Негізінде мұсылмандар үшін мұның жолы оңай. Дінімізді дұрыс білсек жеткілікті. Дінімізде білдірілген үкімдер онсыз да бүкіл жақсылықтарды, мейірімді болуды, еңбекқор болуды әмір етеді. Діннің үкімі бойынша жүргендер, дүниеде де, ахиретте де жетістікке, бақытқа кенеледі.