Мәлімет... Баланың қауіпсіздігі
Өкінішке күн жылына бастауымен «терезеден бала құлапты» деген хабарлар пайда бола бастайды. Жыл сайын, көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлау саны көбеюде. Балалардың құлауының басты себептерінің бірі – терезенің ашық қалуы және масаға, шыбын-шіркейге қарсы қолданылатын москитті тор. Москитті торлар өте әлсіз келеді және баланың салмағын көтеруге арналмаған. Көруге, білуге құштар ойын баласы ашық терезедегі москитті торға сүйенудің салдарында, тормен қоса құлау оқиғалары жыл сайын көп тіркелуде. Сондықтан әрбір ата-ананың жауапкершілікті жіті сезініп, қауіпсіздік шараларын қамдануы өте маңызды. Мүмкіндігінше терезе сыртынан қосымша (оюлы) темір тормен қаптаған жөн. Терезенің түгелін тормен қаптауға мүмкіндік болмаса, ең болмағанда ашылатын терезеге темір тор қаптауға болады. Терезені айқара ашуға жол бермейтін блокиратор қою, терезеге кілттенетін тұтқа қою немесе ашылмас үшін тұтқасын мүлде алып тастау, баланы терезеден алшақ ойнауға үйрету, терезенің маңына терезеге шығуға мүмкіндік беретін жиһаз қоймау, балаларды қараусыз қалдырмау секілді шараларды ескерген жөн. Терезе сыртында қосымша темір тор жоқ болса, масаға қарсы москитті торды қолданбаңыз.