Мәлімет... Ораза тұту
Кейбір адамдар оразаның денсаулыққа зиян екенін айтады. Алайда, Аллаһу та’ала адамдарға зиян нәрсені жасауды бұйырмаған. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет берген адам малын қорғағаны сияқты ораза тұтқан адам да денесінің зекетін берген болып саналады.
Ораза тұтқан адамның денесі күтімге алынған аппарат сияқты. Ішкі құрылысты жауып қалған майлар ериді, дененің ширақтығы артады, иммунитет күшейеді. Асқазан, бүйрек, жүрек пен бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеттілігі артады. Бауыр асқорыту қызметін де атқарады. Ораза тұтқан кезде бірнеше сағат демалады, азық жинау ісін тоқтатады. Асқазан да біраз уақыт демалады. Қан көлемі азайғандықтан қан қысымы төмендеп, жүрек тынығады. Ораза тұту тамырдың қатаюына да өте пайдалы. Мұндай аурумен ауыратындар рамазаннан басқа кезде де ораза тұтуы тиіс.
Көп жеген адам көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адамның уақыты босқа кеткен болады. Сондай-ақ, қатал мінезді болады. Әрқашан тоқ жүретін адам мейірімсіз болады. Аз жеген адамның денсаулығы мықты және шығыны аз болады. Оразаның сабыр, шүкір, нәпсіні тәрбиелеу сияқты басқа ғибадаттармен де байланысы бар. Хадис шәрифте былай делінген: «Ораза - сабырдың, ал сабыр - иманның жартысы».
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.