Untitled Document

Сұхбат... Дұрыс иман

Иман – сипаттарымен бірге Аллаһқа, періштелеріне, жіберген қасиетті кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне, өлгеннен кейін тірілуге сену. (Мысалы, Аллаһ аспанда деп, оның орны бар деу күпірлік).

Иманның дұрыс, қабыл болуы үшін керекті шарттар:

1) Иманда тұрақты болу. Мысалы, 3 жылдан кейін діннен шығамын деген адам сол сәтте кәпір болады.

2) Қорқыныш пен үміт арасында болу. Яғни, Аллаһтың азабынан қорқып, рақымдылығынан үміт үзбеу керек.

3) Өлер сәт жақындағанға дейін иман келтіру. Өлгелі жатқанда, ахирет жағдайларын көргеннен кейін кәпірдің иман келтіргені қабыл болмайды. Бірақ, сол сәтте мұсылманның күнәларына тәубесі қабыл болады.

4) Күн батыстан тумастан бұрын тәубе ету. Күн батыстан туғанда тәубе есігі жабылады.

5) Ғайыпты тек Аллаһу та’аланың білетініне сену. Періште, жын және пайғамбар  ғайыпты білмейді. Бірақ, Аллаһ білдірген адамдар біледі.

6) Иманның бір үкімін қабылдамау. Күпірлікке себеп болатын нәрселерден сақтану.

7) Діни үкімде күмән келтірмеу. Мысалы, намаз парыз ба? Құмар харам ба? деп күмәнданбау.

8) Имандылықты Ислам дінінен алу. Тарихшылардың, философтардың емес, Мұхаммед пайғамбар (алейһиссалам) көрсеткен түрде иман келтіру керек.

9) Аллаһ сүйіспеншілігінде болу. Сүйіспеншілік тек Аллаһ үшін болу керек. Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та'аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу керек. 

10) Әһли сүннет уәл жамағатқа сай сену.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031