Денсаулық... Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары (1)
Денсаулық сақтау министрлігінің онкологтарға берген маңызды екі тапсырмасы бар: қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтау.
Алдын алудың басты амалы — салауатты өмір салтын ұстану, ішімдік пен темекіден бас тарту, диета ұстау, спортпен шұғылдану. Бұған қоса тәтті мен ұн өнімдерін азырақ жеген жөн. Сүт безі қатерлі ісігі гормонға тәуелді болғандықтан, эстрогеннің (жыныс гормоны — ред.) көбеюіне тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар ісіктің алдын алу үшін әйелдің ерте тұрмыс құрып, көпбалалы болғаны маңызды. Әйел босанған сайын организмі эстрогеннен демалады. Өйткені жүктілік кезінде эстроген деңгейі төмендейді. Ал ДДСҰ баланы кемі 1-2 жасқа дейін емізу керек дейді. Бұл бала үшін де, ана үшін де өте маңызды. Омыраудан сүт шыққан сайын сүт безі түтіктері жаңарып отырады. Осылайша сүт безі қатерлі ісігінің де алдын алуға болады.
Сүт безі — өте эмоционал орган. Әйел адамның көңіл-күйі түссе де, жеген тамағы ұнамаса да, ұйқысы дұрыс болмаса да ауырады. Бірақ ең басты себеп — стресс. Сондықтан күйзелістен аулақ болған жөн.
Тағы бір маңызды себеп — сүт безіне зақым келуі. Автобуста, қоғамдық орында, тұрмыста кеуде тұсын ұрып алу да ісікке ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда ауыртпалықты сезсеңіз, көп созбай маманға барыңыз. Бәрінен бұрын денсаулықты күтіп, абай болуға тырысыңыз.
жалғасы ертең...